«Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 58 Қаулысы

 «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 58 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда электрондық тәсілмен микрокредиттер беруді автоматтандыратын микрокредит берудің ақпараттық жүйесі;»;

6) тармақша алып тасталсын;

6, 7, 9, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент - жеке тұлға мынадай деректерді енгізеді (қоса береді):

туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

жеке сәйкестендіру нөмірі;

туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;

ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;

беттің бейтарап қалыпта және аузы жабық ашық түстегі анфас фотосуреті.

Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент-заңды тұлға мынадай деректерді (сканерленген түрдегі құжаттарды) енгізеді (қоса береді):

заңды тұлғаның атқарушы органының басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.